Қазақстан жаңалықтары2 қараша 2023, 21:23

Ер адам жүріп келе жатқан автобустың астына секірген

Қарағандыда жол-көлік оқиғасына қатысты жаңа мәлімет пайда болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әлеуметтік желіде көшедегі бейнебақылау камерасынан алынған бейнежазба пайда болды. Онда көлік апаты болған сәт түсірілген. Видеода ер адам кенеттен қоғамдық көлікке қарай секіргенін көруге болады. 

«Бейнежазбаны полиция қызметкерлері зерделеді. Қозғалған қылмыстық істің негізінде оқиғаның мән-жайы нақты анықталатын болады», - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бүгін сағат 10:50-де Бұқар жырау даңғылындағы «Шығыс» базары ауданында автобус жаяу жүргіншіні қағып кетіп, 45 жастағы ер адам оқиға орнында мерт болды. 

Қарағанды Оқыс оқиға автобус суицид

Тақырыпқа жаңалықтар