Imanbek-тің туындылары Grammy сыйлығына қайта ұсынылды

Imanbek шығарған туындылар Grammy сыйлығына қайта ұсынылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстандық Иманбек Зенкаев Grammy сыйлығына қайта ұсынылып отыр. Латиноамерикалық электронды музыка бойынша «Үздік орындау» номинациясына Imanbek пен Taichu-дың «Ella Quiere Techno» туындысы ұсынылды.

2021 жылы Иманбек америкалық рэпер SAINt JHN-ның «Roses» трегіне жасаған ремиксі үшін GRAMMY жүлдесінің басты номинациясын жеңіп алды. Зенкаев беделді музыкалық марапатқа ие болған алғашқы қазақстандық.

Ән Әнші Иманбек Жолдау

Тақырыпқа жаңалықтар