Қазақстан жаңалықтары2 қаңтар 2024, 11:00

«Ішінде бала да болған»: Түзеу мекемесінің қызметкері өртеніп жатқан үйден 6 адамды алып шықты

СҚО, Булаево ауылы, Целинная көшесіндегі өртте түзеу мекемесінің қызметкері 6 адамды құтқарып қалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, ол өртеніп жатқан үйден 6 адамды алып шыққан.Олардың арасында кішкентай бала да бар.

«1 қаңтар күні шамамен сағат 13:21 -де СҚО, Булаево ауылы, Целинная көшесі 7 мекенжайында орналасқан екі қабатты тұрғын үйден өрт болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Тексеру барысында пробация аға лейтенанты Ғалымжан Байбусин үй тұрғындарына көмек көрсетіп, түтін басқан үйден 6 адамды алып шықты, оның ішінде кішкентай бала да бар. Сонымен бірге офицер өртті оқшаулауға көмектескен», - делінген хабарламада.

Өрт салдарынан пәтердегі терезе саңылауы зақымдалды. Өрттің жалпы ауданы 12 шаршы метрге жеткен. Алдын ала себебі – стокерге жақын орналасқан пластикалық терезенің тұтануы.

түзеу мекемесі қызметкер Өрт СҚО
Кеше, 15:19 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 16:26 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:36 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:30 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар