Көкшетауда полициядан қашпақ болған мас жүргізуші сұмдық әрекетке барған
Көкшетауда автокөлікті мас күйде жүргізген ер адам полициядан қашуға тырысып, темір қоршауға соғылды. Тәртіп сақшылары заң бұзушыны ұстап, оның бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғанын анықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жол апаты 18 қазанда сағат түнгі бір шамасында болған. Патрульдік полиция қызметкерлері дүкендердің бірінен шығып бара жатқан BMW маркалы көлікті байқаған.
"Патрульдік көлікті көргенде көлік кенеттен баяулады, бұл полиция қызметкерлеріне күдік туғызды. Олар тексеру үшін көлікті тоқтатуға шешім қабылдады, бірақ жүргізуші заңды талапты елемей, жасырынуға тырысып, одан әрі жеделдеді. Патрульдер басқа жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндірмеу үшін ұқыпты әрекет етіп, қудалауды бастады. Барлық іс-шаралар жедел басқару орталығының инспекторларымен үйлестірілді. Полиция қызметкерлерінің құқық бұзушыны айналасындағыларға қауіп төндірмей тоқтату әрекеттеріне қарамастан, жүргізуші жоғары жылдамдықпен көлікті басқара алмай, металл жол қоршауына соғылды", - делінген полиция хабарламасында.
Полиция өкілдерінің хабарлауынша, тексеріс кезінде ер адамның мас күйінде екендігі анықталды.
"Екі жыл бұрын ол осындай бұзушылық үшін - мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Алайда, бұрынғы жаза ол үшін сабақ болған жоқ", - деді полицийлер.
Ұсталған адамға қатысты жүргізуші куәлігінен айырылған және көлік құралын мас күйінде басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Медициналық куәландыру нәтижелеріне сәйкес, ер адам орташа дәрежеде мас болғаны анықталды.