Маңғыстау облысында даладан жаңа туған нәресте табылды
Шақалақ Мұнайлы ауданы Бесшоқы ауылындағы тұрғын үйлердің терезесінің алдынан табылған, деп хабарлайды Arbat.media Qazaq Today ақпарат порталына сілтеме жасап.
Баланы таңертең уақытта сағат 09:30 шамасында тұрғындардың бірі байқаған.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған деректі растап, баланың анасы іздестіріліп жатқанын хабарлады.
«Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Анасы іздестіріліп жатыр. Сәби перзентханада жатыр», — делінген полиция таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Атыаулық жүкті келіншек дәрігердің салғырттығынан баласынан айырылды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: