Мемлекет басшысы Грекия - Қазақстан тікелей көрсетілімін тамашалайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүздеген мың қазақстандықтар секілді бүгін түнде Қазақстан құрамасының Грекияға қарсы футбол матчын тамашалайды. Бұл жөнінде ҚР Президентінің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
- Президент шын жүректен біздің жігіттерді қолдайды және жеңіс үшін қолдан келген барлық мүмкіндігін жасайтынына сенеді, - деп атап өтті Берік Уәли.
Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Грекия кездесуі 21 наурыздан 22-не қараған түні сағат 00:35–те Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Екі құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жолдамасы үшін бақ сынайды.
Бұл жұптың жеңімпазы 26 наурызда тағы да сырт алаңда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен шеберлік байқасады.
Кездесуге нидерландтық төрешілер қазылық жасайды.
Екі құрама бұған дейін үш мәрте кездесіп, барлығында грекиялық футболшылар жеңіске жетті.
Алдымен 2006 жылғы әлем чемпионаты іріктеу турнирінде екінші топта бақ сынаған ел құрамасы аталған қарсыласына 1:3, 1:2 есебімен жол берді.
Ал 2006 жылы Кипрде өткен халықаралық турнирде тағы да 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Грекия кездесуі 21 наурыздан 22-не қараған түні сағат 00:35–те Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.