Оңтүстік Кореядан көлік әкелемін деп 70 адамды алдаған әйел сотталды  

Әйел адам азаматтарға Оңтүстік Кореядан арзан бағамен автокөлікке тапсырыс беруді ұсынған. Жәбірленушілер толық алдын ала төлем жасағаннан кейін, алаяқ оларды жалға беру компанияларынан уақытша алынған көліктермен алдап келгені анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бас прокуратураның хабарлауынша, қала тұрғыны жәбірленушіден 4 көлікті жеткізу үшін 14,5 млн теңге алған, ал көліктер ресми түрде тіркелмеген. Бұл ретте сотталған қылмыстық әрекеттерін жасыру мақсатында көліктерді жалға алу ақысын төлеп тұрған.

Алаяқтық әрекеттерден 70-тен астам тұлға зардап шекті, жалпы шығын 420 млн теңге болды. Елорда тұрғыны ұрланған ақшаны өзінің жеке мақсаттарына пайдаланған.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындады. Сотпен оған 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды.

Оңтүстік Корея Автокөлік компания сот

Тақырыпқа жаңалықтар