Полиция 11 млн теңгенің мал ұрлығын ашты

Полиция 11 млн теңгенің мал ұрлығын ашты, деп хабарлайды Arbat.Media.

ІІМ мәліметінше ел аумағында мал ұрлығын анықтау және алдын алу жұмыстары жалғасуда.

14 қазанда БҚО криминалдық полициясы еркін жайылымнан мал ұрлаған қылмыстық топты ұстады. Тергеу барысында олардың бірі шаруа қожалығының басшысы екені белгілі болды.

Полиция жалпы құны 11 млн теңгеден асатын 49 бас малдың ұрланғанын дәлелдеді. Күдіктілердің барлығы қамауға алынды.

видео полиция БҚО ұрлық

Тақырыпқа жаңалықтар