Президент қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады

Президент қазақстандықтарды Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Құттықтау мәтінінде христиан діні және басқа да әлемдік дәстүрлі діндер әділдік, мейірімділік пен ізгілік идеалдарына негізделгені атап өтілген.

«Православие еліміздегі конфессияаралық келісімді нығайтуға, өскелең ұрпақты отансүйгіштік, еңбекқорлық және отбасылық құндылықтар рухында тәрбиелеуге маңызды үлес қосып келеді», - деп атап өтті Президент.

Тоқаев Президент Құттықтау Рождество

Тақырыпқа жаңалықтар