«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы: Бюджетке 3 млрд теңге түсуі мүмкін
«Қайрат» – «Реал Мадрид» матчынан бюджетке 3 млрд теңге түсуі мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Туризм индустриясы комитетінің төрағасы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы матчтан бюджетке шамамен 3 млрд теңге түсетіні туралы мәлімдеді.
Айтуынша, ойынды көруге шетелден 4 мыңнан астам турист келеді. Қала қонақтарды қабылдауға дайын: қонақүй мен қызмет көрсету саласында барлық жағдай жасалған.
Mastercard дерегінше, туристер Алматыда орта есеппен 3,5 күн болады және күніне шамамен 441 доллар жұмсайды. Бұл тәулігіне 1,2 млрд теңге, ал төрт күнде шамамен 4,8 млрд теңге шығын қалдыруы мүмкін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: