«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері 20 қыркүйекте сатылымға шығуы мүмкін
«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері 20 қыркүйекте сатылымға шығуы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Әзірге нақты мерзім бекітілген жоқ. Дегенмен матчқа он күн қалғанда сатылымды бастау жоспарланып отыр», – деді Туризм және спорт вице-министрі.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ірі спорттық және мәдени шаралар қарсаңында интернетте жалған билет сататын алаяқтар көбейеді. Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алдын ала төлемді талап ететін күмәнді ұсыныстарға сенбеу қажет.
Еске салайық, 30 қыркүйекте алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Реал Мадридке» қарсы ойнайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: