Қазақстан жаңалықтары29 желтоқсан 2023, 17:10

Қазақстан ақшаны жылыстатумен күрес тәуелсіз рейтингінде 27 орынға алға жылжыды

Қазақстан ақшаны жылыстатуға қарсы тәуелсіз рейтингте позициясын едәуір жақсартып, 100-ден астам елді артта қалдырды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне жария етті. 

2023 жылдың 13 қарашасында Базель менеджмент институты ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы ең беделді дереккөз болып табылатын жыл сайынғы «Basel AML Index» рейтингін жариялады.

Қазақстан 100-ден астам елді артқа тастап, 4,71 ұпай жинай отырып, позициясын 27 тармаққа жақсартты.

Бұл елімізге 2012 жылдан бері жарияланып келе жатқан рейтинг тарихындағы ең жоғарғы нәтиже.

Қазақстан рейтингте Қытай, Түркия, БАӘ, Сербия, Болгария, Венгрия, Румыния, Катар, Бахрейн және Сауд Арабиясы секілді елдерден басып озды.

Тәуекел деңгейі ең төмен топ-5 елдің қатарына Исландия, Финляндия, Эстония, Андорра және Швеция кірді.

Зерттеу қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату және терроризмді қаржыландырудың (КЖ/ТҚ) жоғары тәуекелдеріне ықпал ететін әртүрлі факторларды өлшейтін 5 бағыт бойынша 18 көрсеткішке негізделеді.

«Алынған нәтиже FATF стандарттарына сәйкестігіне Өзара бағалауды сәтті аяқтау мен ақшаны жылыстатуға қарсы жүйенің барлық бөліктерінің жұмыс істеу тиімділігінің арқасында мүмкін болды. Еліміздің қаржылық қауіпсіздігін одан әрі нығайту жұмыстары жалғасатын болады»,-делінген хабарламада.

Қазақстан рейтинг ақшаны жылыстату ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі

Тақырыпқа жаңалықтар