Қазақстан жаңалықтары15 маусым 2024, 4:03

Қазақстан неліктен +7 телефон кодында қалады

Қазақстан неліктен +997 кодына ауыспады? ЦДИАӨМ Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасында дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағын бірлесіп пайдалану туралы келісімге қол қою туралы Үкімет қаулысын дайындаған. Қазір екі елдің байланыс ведомстволары арасында келісім жасалған. Қазір жобаны мақұлдау жөніндегі Ресей Федерациясының нотасы күтіліп отыр. 2021 жылы Қазақстанға жеке код алу мақсатында халықаралық телефон коды +997 резервке қойылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Байланыс операторларымен жаңа кодқа көшу мәселесін талқылау барысында жаңа кодқа көшу мүмкін екені, алайда бірқатар қаржылық және технологиялық проблемалар туындайтыны белгілі болды, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Отандық байланыс операторларының бүкіл абоненттері мемлекеттік және банк қызметтерін, әлеуметтік желілер мен түрлі қосымшаларды алу үшін өз деректерін жаңартуы қажет болады. Осыған байланысты көшу кезеңінде ақаулар мен жағымсыз тәжірибенің ықтималдығы жоғары.

«Осыған байланысты азаматтардың ыңғайлылығы үшін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Халықаралық электр байланысы одағымен қайта келіссөз жүргізіп, +7 халықаралық кодын өзгеріссіз қалдыру жөнінде шешім қабылданды. Ресей Федерациясы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасында дүниежүзілік нөмірлеудің 7-ші аймағын пайдалану туралы жаңа Келісімге қол қою мәселесін Ресей Федерациясының Цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі қарады» дейді министрліктен.

 

 

Қазақстан +7 телефон коды Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Тақырыпқа жаңалықтар