Қазақстан жаңалықтары1 маусым 2025, 13:58

Қазақстанда 1 маусымнан бастап не өзгереді?

Абу-Даби мен Вьетнамның Дананг қаласына Алматыдан тікелей рейстер ашылады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Олар аптасына 2-3 реттен ұшады.

Жүк көліктеріне шектеу қойылады. 1 маусымнан бастап күндіз ауа температурасы +25 °C-тан жоғары болса, ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Қазақстандықтар Құрбан айтқа орай үш күн демалады. Биыл айт 6 маусымға – жұма күніне күніне түскендіктен, қазақстандықтар 6-8 маусым аралығында үш күн демалады.

Смартфондарды тегін верификациялау мерзімі аяқталады.

Қазақстанда жеке тұлғалар үшін ұялы телефонды тегін верификациялау мерзімі 25 маусымға дейін ұзартылған болатын. Ал верификациядан өтпеген смартфондар "қара тізімге" енгізіліп, бұғатталады. Бұған дейін осы мәселеге қатысты заң күшіне енген болатын. Бірақ шектеу мерзімін маусымға дейін ұзартуға шешім қабылданды.

 

маусым Өзгеріс ел

Тақырыпқа жаңалықтар