Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін
Парламент мүшелерінің айтуынша, соңғы жылдары 18–21 жас аралығындағы азаматтар арасында онлайн-кредит пен микронесиеге тәуелділік айтарлықтай күшейген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жастардың шамадан тыс қарызға бату тенденциясына байланысты тұтынушылық несие рәсімдеу жасын 18-ден 21 жасқа дейін көтеру ұсынысы қайта талқыланып жатыр.
Депутаттар осы бастама бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымоваға ресми хат жолдаған. Себебі онлайн рәсімдеудің тым жеңіл болуы және микроқаржы ұйымдарының белсенді жарнамасы жағдайды қиындатып келеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: