Оралда 5 жастағы қызды зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Батыс Қазақстан облысының соты 6 жасар қызды зорлаған жергілікті тұрғынға үкім шығарды, деп хабарлайды Arbat.Media.

32 жастағы ер адамға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сотталушы жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің аса қатаң қауіпсіздік режиміндегі мекемесінде өтейді.

«Сотталушы жәбірленушінің сырт келбетіне қарап, оның кішкентай бала екенін анық біле тұра, оған тәтті сатып беріп, алдап адам жоқ жерге ертіп барған. Осылайша жәбірленушіні ұрлап, сол жерде заңсыз ұстап, кәмелетке толмағандарға жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

орал БҚО сот Зорлық

Тақырыпқа жаңалықтар