Қазақстанда екінші АЭС салынатын орын анықталды

Қазақстанда екінші атом электр станциясының (АЭС) құрылысы жүргізілетін орын нақыталанды. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстандағы екінші АЭС Алматы облысында салынады.

«Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану туралы заңының негізінде үкімет қаулы етеді: «Екінші атом электр станциясы» ядролық қондырғысын салу туралы және ядролық қондырғының құрылыс ауданы ретінде Алматы облысының Жамбыл ауданын айқындау туралы шешім қабылдансын», деп жазылған қаулыда.

Бұл қаулы қол қойылған күнінен, яғни 2026 жылғы 26 қаңтардан бастап күшіне енеді.

жамбыл облыс Алматы АЭС

Тақырыпқа жаңалықтар