Қазақстанда Конституцияның 40-қа жуық бабы өзгереді — Президент

Қазақстанда Конституцияның 40-қа жуық бабы өзгереді туралы парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Кем дегенде 10 конституциялық заңға және 50-ден астам кодекс пен заңға түзету енгізу керек болады. Мұны жаңа Конституция қабылдаумен тең келетін іс деуге болады» деді Тоқаев.

Оның айтуынша, парламентті реформалаудың жай-жапсары қоғамда кеңінен талқыланады, ел пікірі жан-жақты сараланады.

Парламент қазіргі екі палатаның орнына бір палатадан ғана тұратыны нақты айтылды.

Тоқаев Заң Өзгеріс Реформа

Тақырыпқа жаңалықтар