Қазақстанда оқушылардың Instagram мен TikTok-қа кіруін шектеу ұсынылды
Қазақстанда оқушылардың Instagram мен TikTok-қа кіруін шектеу ұсынылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ал Жасанды интеллект министрлігі балалардың телефон пайдалануына қарсы емес.
Аймағамбетов балалардың әлеуметтік желілерге ерте жастан тіркеліп, кез келген контентті көретінін, мектепте TikTok-та сағаттап отыратынын айтып, ЖИ министрлігінің осыған көзқарасы қандай екенін сұрады.
Депутаттың айтуынша, Қазақстанда да бірқатар алдыңғы қатарлы мектептер NIS, БИЛ, "Дарын" сабақ кезінде смартфон қолдануға шектеу қойды. Нәтижесі өте жақсы. Оң әсері байқалды, балалар белсендірек, бір-бірімен жиі тілдеседі, сабақ кезінде алаңдаушылық азайған.
"Белгілі бір контентті шектеу керек, бірақ дамуды тоқтатпау керек. Сонымен қатар, "Цифрлық кодексте" сабақ кезінде телефон ұстауға тыйым салу қарастырылып отырған жоқ. Министрліктің ұстанымы жастарды гаджеттерден шеттетпей, оларды технология мен жасанды интеллектіні дұрыс және тиімді пайдалануға үйрету", - дейді Жасанды интеллект вице-министрі Дмитрий Мун.