Қазақстанда жаңа комитет құрылды
Су ресурстары және ирригация министрлігінде су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану жөнінде комитет құрылды. Жаңа комитет суды заңсыз пайдалану, оны есепке алу деректерінің бұрмалануы, сондай-ақ еліміздің су нысандарындағы құқыққа қайшы шаруашылық қызметпен күреседі, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Министрлік суды заңсыз пайдаланумен белсенді күрес іс-шараларын қолға алды. Бұл мәселе ерекше бақылауда. Жаңа комитеттің жұмысы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және еліміздің су ресурстарын қорғауға бағытталған. Бұл жұмыстар заңнамаға енгізілетін өзгерістермен бірге судың «қара нарығына» қарсы күресті едәуір күшейтуі тиіс», деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: