Қазақстанға БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш келді
БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гуттериш Қазақстанға келді. Ол Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне ШЫҰ+ форматында өтетін талқылау аясында қатысады деп жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
3-4 шілде күндері Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Жиында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықтың көптеген өзекті мәселесін қарастырады, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Астана саммитінен бастап Шанхай ынтымақтастық ұйымы толыққанды «Шанхай ондығы» форматында жұмыс істейді. Бұл туралы Қытайдың Синьхуа ақпарат агенттігіне сұхбат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: