Қостанай облысында қарт балықшы құтқарылды
Қостанай облысында қарт балықшы құтқарылды. Оқиға Ұзынкөл ауданына қарасты Троебрат ауылында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
75 жастағы тұрғынның таңертең балық аулауға кетіп, әлі оралмағаны туралы полицияға қызы хабарлаған.
Учаскелік инспектор күннің суығына қарамастан жедел жәрдемді алдыртып, ауыл тұрғындарымен 3 сағат бойы қарияны іздейді.
Қарт қамыс арасында, мұз үстінде аяғы сымға оралып, ес-түссіз жатқан күйінде табылған.
Дәрігерлер инспектор сәл кешіккенде, қайғылы жағдай болуы мүмкін дейді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: