«Реал» Алматыға келді

Мадридтік команданың ұшағы Алматыға келіп қонды. Бір топ жанкүйек оларды қарсы алу үшін әуежайға жиналған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ал онлайн режимде бұл рейсті 22 мыңнан астам адам бақылады.

Айта кетейік, 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" футбол клубы "Реалмен" кездеседі. Испаниялық клубтан Қазақстанға кімдер келгені белгілі болды.

Қақпашылар: Тибо Куртуа, Андрей Лунин, Хави Наварро;

Қорғаушылар: Давид Алаба, Рауль Асенсио, Альваро Каррерас, Фран Гарсия, Дин Хейсен, Давид Хименес;

Жартылай қорғаушылар: Джуд Беллингем, Эдуарду Камавинга, Федерико Вальверде, Орельен Чуамени, Арда Гюлер, Дани Себальос;

Шабуылшылар: Винисиус Жуниор, Килиан Мбаппе, Эндрик, Родриго, Гонсало Гарсия, Браим Диас, Франко Мастантуоно.

футбол Реал Қайрат Алматы

Тақырыпқа жаңалықтар