Рудный қаласындағы көпқабатты тұрғын үйге кіріп кеткен түлкі өліп қалды
Қала әкімдігінің мәліметінше, тұрғындардан түскен хабардан кейін оқиға орнына полиция мен арнайы қызметтер келген, деп хабарлайды Arbat.Media.
Түлкіні аулау "ұстау – стерилизациялау – вакцинациялау – қайтару” бағдарламасы аясында жүргізілген.
“Мамандар ұйықтататын дәрі қолдану арқылы түлкіні әрекетсіз күйге келтіруге әрекет жасады. Алайда жануардың жасы ұлғайғаны және қатты әлсірегені салдарынан препарат күткендей әсер етпеді. Одан арғы әрекеттер қолданыстағы биологиялық және ветеринариялық нормаларға сәйкес жүзеге асырылды”, – делінген әкімдік хабарламасында.
Нәтижесінде қатты әлсіреген түлкі ұйықтататын дәрінің әсеріне төтеп бере алмай, қаза тапты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: