“Сөйлесіп қойғанмын": Шерзатты өлтіргендердің күдікті әңгімесі тексерілетін болды

Кеше, 21 мамырда өткен сотта бәрі түскі үзіліске кеткенде сотталушылардың дауысы тікелей эфирден естіліп қалды, деп хабарлайды Arbat.media.

Үзіліске дейін айыпталушы Дидар Қалиахмет жауап берген еді. Ол судья үзіліс жариялаған соң, қасындағылардан: "Көзімнен жас шығып кете жаздады, дұрыс сөйледім бе" деп сұрайды. Сол сәтте сотталушылардың бірі: “Саған көп сұрақ қоймайды, уайымдама, сөйлесіп қойғанмын” деп жауап береді.

Видеофрагмент сотта қаралды.

“Сот жеке қаулы шығаруды қажет деп тапты. Прокурорға жазбаның түпнұсқалығын, диалогқа қатысушылардың жеке басын, әңгіменің мазмұнын анықтау және шаралар қабылдау тапсырылды. Бұл ретте еске саламын: Конституцияға сәйкес іс бойынша шешімді тек сот қабылдайды”, - деді судья.

 

сот Шерзат Полат өлтірді

Тақырыпқа жаңалықтар