Шучинсктегі жарылыстан қаза тапқандар саны 8-ге жетті
Шучинсктегі жарылыстан қаза тапқандар саны 8-ге жетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бүгін Авиценна атындағы Бурабай ауруханасында бір науқас қайтыс болды.
Зардап шеккендердің төртеуі Көкшетаудағы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында емделіп жатыр. Үшеуінің жағдайы ауыр.
Бір науқастың денесінің 85%-ы күйіп қалды. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Бес адам Астанада емделіп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: