Қазақстан жаңалықтары23 қыркүйек 2023, 12:00

Тамара Дүйсенова Ринат Зайытовтың ұсынысына жауап берді

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың "ең төменгі айлық 300 мың теңге болуы керек" деген ұсынысына пікір білдірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Ең төменгі еңбекақы – біліктілігі жоқ жұмысшының еш үстемеақысыз айлығы. Яғни, әр жұмыс беруші осыдан төмен төлемеуі керек. Еңбек инспекциялары тексерген кезде мұндай факті анықталса, айыппұл салынуы мүмкін», – деді вице-премьер.

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың "ең төменгі айлық 300 мың теңге болуы керек" деген ұсынысы экономиканың деңгейіне сай келмейді.

«Мемлекеттің экономикалық мүмкіндіктерін ескеру керек. Қазір орташа айлық 365 мың теңгеден сәл жоғары. Осыдан алсақ, біздің экономкика деңгейі мен жұмыс берушілер осындай деңгейде ғана төлей алады. Бізде (ең төменгі еңбекақы – ред.) 3-4 жыл бұрын 28 мың теңге болған. Кейін 42 500-ден 60 мың, 70 мың болып өсті. Енді 85 500 ету қарастырылып отыр. Бұл алдыңғы көрсеткіштерге қарағанда өсім ғой», – деді Тамар Дүйсенова.

Тамара Дуйсенова Ринат Зайытов Мәлімдеме 300 мың айлық

Тақырыпқа жаңалықтар