Қазақстан жаңалықтары6 шілде 2024, 10:32

Тасқын: Түлектер грантқа бұрынғы ҰБТ сертификатымен қатыса алады

Ұлттық тестілеу орталығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің мектеп түлектеріне хабарландыру жасады. Биылғы тасқыннан зардап шеккен аймақтар — Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Мұндағы талапкерлер үшін маңызды ақпарат бар, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Егер негізгі ҰБТ-дан төмен балл жинасаңыз, қаңтар немесе наурыз айларындағы ҰБТ-ның жоғары нәтижесімен грант конкурсына қатысу мүмкіндігіңіз бар. Осылайша қалауыңыз бойынша ең үздік ҰБТ нәтижесімен грант конкурсына қатыса аласыз» деп ескертеді орталықтан, - деп жазады Kazinform агенттігі.

2024 жылы жалпы грант санының 20 пайызы су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің талапкерлеріне бөлінген.

Естеріңізге сала кетсек, бұл аймақтың талапкерлері грант конкурсына құжатты 13-24 шілде аралығында тапсыра алады.

Еске сала кетейік, биылғы талапкерлердің 77 пайызы негізгі ҰБТ-ны тапсырып үлгерді.

Науқан басталғаннан бері 315 мың рет тест тапсырылған. Оның ішінде талапкерлердің 77% — қазақ тілінде, 23% — орыс тілінде, 200-ден астам адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Орташа балл — 70. Ең жоғары балл — 140. Оны ҰБТ алтыншы аптасында Алматы облысының түлегі Жаннұр Еңсебек алды.

Осылайша тестілеуден ең жоғары ұпайды ауыл мектебінің түлектері жинаған.

Тасқын түлектер Грант ҰБТ сертификаты
14 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
13 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар