Тенисші Әмір Омарханов Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстан теннисіндегі үздік ойыншылардың бірі 18 жастағы Әмір Омарханов 24 қаңтар күні Испанияның Манакор қаласында өткен ITF M15 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жұптық разрядтың финалында Әмір америкалық Гэвин Янгпен бірге өнер көрсетті. Шешуші матчта олар австралиялық Тай Хост пен ресейлік Егор Плешивцевты 5:7, 6:3, 10:8 есебімен жеңіп, чемпион атанды.
Турнир барысында Омарханов пен Янг испаниялық Уго Гарсия Гомес / Карлес Рохас жұбын (6:1, 6:4), сондай-ақ Мотохару Абэ (Жапония) / Андрес Флорес Авила (Мексика) дуэтін (5:7, 6:2, 10:7) және Ұлыбритания өкілдері Джо Лизер / Маркус Уолтерсты (6:2, 6:3) жеңді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: