Тоқаев активтерді қайтару жөніндегі комитет төрағасын қызметінен босатты
Тоқаев Нұрдәулет Сүйіндікті Бас прокуратура жанындағы активтерді қайтару комитетінің төрағасы қызметінен босатты, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Сүйіндіков Бас прокуратураның Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды», – деп хабарлады Ақорда.
Нұрдәулет Сүйіндік аталған қызметке 2023 жылдың қазан айында тағайындалған еді.
Бас прокуратураның сайтында жарияланған мәлімет бойынша, Нұрдәулет Сүйіндіков еңбек жолын 2000 жылы Шымкент қаласы прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат жөніндегі маманы қызметінен бастаған. Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы прокурорының аға көмекшісі, Шымкент қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.
Айта кетейік, заңсыз иемденілген активтерді заңды жолмен қайтаратын арнайы мемлекеттік мекеме 2023 жылы құрылды.