Жамбыл облысында 25 жастағы спортшы атып өлтірілді

25 жастағы Ахмет Дүкенбай Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданындағы Луговое ауылында қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.Media. 

Туыстарының айтуынша, үй маңында төрт-бес рет оқ атылған. Ауыр жараланған жігіт ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Марқұмның отбасы Ахметке бұған дейін бірнеше рет қоқан-лоқы көрсетілгенін айтып, қылмысқа өзге адамдардың да қатысы болуы мүмкін екенін тексеруді сұрап отыр. Жұбайының сөзінше, қайғылы оқиғаға дейін Ахмет белгісіз адамдармен жанжал болғанын айтып, балаларға мұқият қарауды өтінген. Сондай-ақ туыстары отбасыға мемлекеттік қорғау беруді талап етті.

Полиция «Адам өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті анықталып, ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесіне байланысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

жамбыл облыс Қылмыс Пышақ

Тақырыпқа жаңалықтар