Қазақстан жаңалықтары22 қаңтар 2024, 13:46

Жамбыл облысында екі теміржолшыны пойыз басып кетті

Жамбыл облысында Жиделі-Бірлік учаскесінде пойыз апаты болды, - деп хабарлайды Arbat.media

Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.

2024 жылдың 21 қаңтарында таңғы сағат 07:27 кезінде Шығанақ-Шу учаскесінің Жиделі-Бірлік учаскесінде екі теміржолшыны пойыз басып кеткен. 

Пойыз машинисі апаттық тежегішті басқанымен көлікті тоқтату мүмкін болмады.

«Бүкіл мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына ҚТЖ комиссиясы аттанды. Тергеу басталды. ҚТЖ қызметкерлердің отбасына көңіл айтып, оларға қажетті көмекті көрсетеді» деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.  

Кейінірек көліктік полиция департаменті іс қозғалғанын мәлімдеді.

«21 қаңтарда аталған факті Шу станциясындағы желілік полиция бөлімінде Қылмыстық кодекстің „теміржол қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу“ фактісі бойынша тіркелді. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүріп жатыр» деп хабарлады департаменттен. 

Жиделі-Бірлік Жамбыл облысы теміржолшы Оқыс оқиға
Кеше, 9:35 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 10:11 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 10:26 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар