Зейнетақы қорынан заңсыз қаражат шығарған қылмыстық топ анықталды

Зейнетақы қорынан заңсыз қаражат шығарған қылмыстық топ анықталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қаржы мониторингі агенттігі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан заңсыз ақша шығарған 5 қылмыстық топты анықтады.

Олар жалған құжат рәсімдеп, «стоматологиялық қызмет көрсеттік» деп көрсеткен. Шын мәнінде ешқандай ем жасалмаған.

Шығын көлемі – 200 млрд теңгеден асады. 600 млн теңгеге 15 қымбат көлік, зергерлік бұйым, пәтер, жер телімі және коммерциялық нысандар алынған.

Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан зейнет Қор Қылмыс
20 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
20 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары
20 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар