Жетісу облысында есірткі бизнесі анықталды

Жетісу облысының полиция қызметкерлері Алматы – Өскемен автожолында ірі көлемде есірткі тасымалдаған отбасылық қылмыстық топты ұстады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тексеру кезінде 65 жастағы ер адам мен оның 29 жастағы ұлынан 19 кг марихуана табылды. Тергеу барысында күдіктінің жұбайының да қылмысқа қатысы бар екені анықталған. Ол күйеуі мен ұлының іс-әрекетін үйлестіріп, Алматы мен Жетісуға есірткі жеткізіп отырған. Қазір барлық күдіктілер қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар тергеу кезінде күдіктілердің негізгі жеткізушісі Жамбыл облысының 29 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Оның фазендасынан 10 келіден астам кептірілген марихуанна шықты. Осылайша барлығы 30 келіге жуық есірткі тәркіленді.

Жетісу Есірткі бизнес ұсталды

Тақырыпқа жаңалықтар