Қазақстан жаңалықтары16 қаңтар 2024, 12:00

Жұмысшы пойыз астында қалып мерт болды

«Шұбаркөл Көмір» АҚ ішкі теміржол желісінде бағыттау бекетінің кезекшісі беймәлім жағдайда пойыз астына түсіп қаза тапты, - деп хабарлайды Arbat.media

Кәсіпорынның ішкі теміржол желісінде қызметкердің өліміне әкеп соқтырған жазатайым оқиға болып, жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына түсіп кетті. Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды. „Шұбаркөл Көмір“ ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтады және қажетті көмек көрсетеді, дейді «Шұбаркөл Көмір» АҚ баспасөз қызметі. 

Қарағанды облысы Пойыз Жұмысшы Оқыс оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар