дүйсенбі, 23 қараша, 2026

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 3)
Қазақстан жаңалықтары
Альфия  Адамбек
Альфия Адамбек
Қазақстанда энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынуы мүмкін
Қазақстанда жас ұрпақтың денсаулығын қорғау мақсатында энергетикалық сусындарды өндіруге, елге коммерциялық мақсатта әкелуге және сатуға қатаң тыйым салу туралы бастама көтерілді. Бұл туралы «Әкелер одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілі Бекдайыр Нығметұлы әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қазақстан жаңалықтары
Альфия  Адамбек
Альфия Адамбек
Қонаевта алтыншы сынып оқушысы көз жұмды
Алматы облысының Қонаев қаласында алтыншы сынып оқушысы мектепте ауыр жарақат алып, ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды Қайғылы оқиға 16 қараша күні сағат 12:30–13:00 шамасында, сабақ басталмай тұрып болған.   Алдын ала мәлімет бойынша, оқушы мектептің үшінші қабатындағы баспалдақ қоршауымен сырғанап бара жатып, тепе-теңдігін жоғалтқан. Салдарынан екінші қабаттың алаңына басымен құлаған.   Бала ауыр жарақат алып, оқиға орнында есінен танып қалған. Оны шұғыл түрде Қонаев қалалық ауруханасына жеткізген.
Қазақстан жаңалықтары
Альфия  Адамбек
Альфия Адамбек
Балаларды қорғау және онлайн-платформалардың жауапкершілігі: Қазақстанда медиа саласындағы заңнамаға енгізілетін түзетулер қаралды
Қазақстанда онлайн-платформалардың жауапкершілігін күшейту, балалардың интернеттегі қауіпсіздігін арттыру және цифрлық ортада азаматтардың құқықтарын қорғаудың қосымша тетіктерін енгізу жоспарланып отыр. Тиісті заң жобалары Қазақстан Республикасының Құрылтайында бірінші оқылымда қаралды, деп хабарлайды Arbat.Media. 
Қазақстан жаңалықтары
Альфия  Адамбек
Альфия Адамбек
«Шокермен ұрып, аяғын көтеріп ұстап тұрған»: ҚазҰУ-да көз жұмған студенттің туыстары әділдік іздейді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің бірінші курс студенті Дауыл Бәкіртай 16 қарашаға қараған түні көз жұмды. Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның туыстарына бастапқыда мүлде басқа ақпарат берілген. Олар студенттің өліміне дейін бірінші курс студенттерінің соққыға жығылғанын кейін ғана естіген,деп хабарлайды Arbat.Media.