10 тамызда танымал қазақстандық ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов шәкірттерімен бірге «Құрылтайға жол» сапарына аттанды. Қатысушылар Астанадан Алматыға дейінгі 1300 шақырымды жүгіріп өтіп, Құрылтай депутаттарын сайлау өтетін 23 тамызда елдің ең ірі мегаполисіне жетуді көздеп отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.