Placeholder
Фото: Александр Павский / Kazinform
Kazinform
Қазақстан жаңалықтары20 тамыз 2024, 11:34

Алматы әуежайында жанжал шығарғандарға қатысты іс қозғалды

Алматы әуежайында рейсі кешіккен азаматтар жанжал шығарды. Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. FlyArystan әуе кемесі «Алматы – Астана» бағытында сағат 09:05 ұшуы керек болған. Алайда жүйедегі техникалық ақауға байланысты жолаушыларға алдымен рейстің 10:55-ке ауысқаны туралы, одан кейін 09:25-те ұшатыны туралы ескерту хабарлама келген. Оқиға салдарынан біраз жолаушы рейске мініп үлгермей қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Уақытылы ұшып кете алмаған жолаушылар әуе компаниясының тіркеу үстелінде шу шығарып, бірнеше затты қиратқан, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Аталған жағдайға байланысты Көліктегі Полиция департаменті түсініктеме берді.

«Әуекомпания қызметкерлері полицияға арызбен жүгінді. Тексеру кезінде 31 жастағы әйелдің өзін дөрекі ұстап, әуекомпания қызметкерлеріне бейәдеп сөз айтқаны анықталды. Сонымен қатар, ол тіркеу үстеліндегі мониторды зақымдаған. Әйелге қатысты көлік полицейлері ұсақ бұзақылық және бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру бойынша әкімшілік іс қозғады. Жиналған материалдар сотқа жібереді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Алматы әуежайы Жанжал іс қозғалды

Тақырыпқа жаңалықтар