Қазақстан жаңалықтары7 маусым 2024, 10:23

Алматы метросын салу кезіндегі қаржы жымқыру: жаңа тергеу басталды

«Метрополитен» КМК қызметкерлеріне қатысты жаңа сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Бас көлік прокуратурасы мәлімдеді. Қадағалау органы квазимемлекеттік сектор кәсіпорындарының бюджет қаражатын жұмсау кезіндегі заң бұзушылықтарды анықтауды жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Тексеріс қорытындысы бойынша «Метрополитен» КМК қызметкерлері локомотивтерге арналған бастапқы резеңке серіппелерді 137 млн теңгеге көтерілген бағамен сатып алған. Мұны метрополитеннің аудиторлық есебі де растады, осыған байланысты көлік прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді, оны қазір Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат таратуға жатпайды.

 

Алматы метросы Жемқорлық Тергеу Бас көлік прокуратурасы

Тақырыпқа жаңалықтар