жұма, 20 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 36)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Әлеуметтік желіде Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың бостандығы шектелген ұлы Нұрасыл Болаттың түнгі уақытта емін-еркін жүрген видеосы тарады. «Таңертең Direct-ке осындай видео келді. Онда Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың тұрғанын көрдім. Оның бостандығы шектелген және оған қосымша талаптарды орындау жүктелген. Бірақ, видеодан оның заңға қайшы әрекет етіп, талаптарды сақтамағанын байқауға болады», - деп жазды заңгер Анна Чернова Instagram-дағы парақшасында. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы «ҮРКЕР» – 2024 ұлттық бәйгесіне өтінім қабылдау басталды.  Медиаконтент өндіретін және тарататын республикалық, өңірлік және халықаралық радиостанциялар, баспа және интернет-басылымдар байқауға қатыса алады. Өтінімдер 2024 жылдың 13 тамызынан бастап 1 қыркүйекке дейін қабылданады. Конкуртық жұмыстар 2023 жылдың 7 тамызы мен 2024 жылдың 11 тамызы аралығында республикалық, өңірлік және халықаралық баспа және интернет-басылымдарда жариялануы немесе радиоэфирде шығуы тиіс. Әр үміткер байқаудың тек екі номинациясына қатыса алады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Атырау облысында ауыл шаруашылығы мақсатында пайдаланылмаған 22 мың гектар жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылған. Атырау облыстық Жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Әлібек Ермекқалидың мәліметінше, биыл игерілмеген 90 мың гектар жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтару жоспарланып отыр. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы Мәдениет және ақпарат министрлігіне «Қазақстан жастары» әлеуметтік зерттеуінің нәтижелерін таныстырды. Сарапшылар жастар ортасындағы басты құндылықтар мен мүдделерді атап өтті. Зерттеуге 14 пен 34 жас аралығындағы 2000 респондент қатысты. Сауалнама нәтижелері бойынша көпшілігі (80,1%) отбасын негізгі өмірлік құндылық деп санайды. Осындай нәтижелердің қорытындысы төрт жыл қатарынан көрінуде,. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Өткен жылдың соңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ғылымды қаржыландыру саласындағы жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізді. Жүргізілген талдау ғылыми жобаларды іріктеудің ашықтығына, оларды іске асырудың көзбояушылдығына, нәтижелер үшін жауапкершіліктің болмауына, зерттеу қорытындыларының төмен сұранысына, сондай-ақ ғылыми тағылымдамалар үшін гранттар беру жөніндегі конкурстық комиссия құрамына қойылатын талаптардың төмендеуіне байланысты елеулі тәуекелдерді көрсетті («500 ғалым» жобасы бойынша). 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Азаматтық қорғау саласындағы бірінші кезектегі шаралардың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарына түзетулер енгізілді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды. Биылғы қаңтар айында сейсмикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жүйесінің материалды-техникалық базасын нығайту шараларын қабылдауды тапсырған болатын. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Жыл басынан бері 28 589 адам белгіленбеген жерлердегі теміржолдарды кесіп өткен. Ал, пойыз астына түскен 55 адамның жартысынан көбі қайтыс болған. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев мәлімдеді. Жалпы пойыздар 1 268 рет шұғыл тоқтауға мәжбүр болған. Оның 205-і жеке адамдарға байланысты болса, 956 жағдай жануарлардың жолға шығып кетуінен болған. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Энергетика министрлігі электр энергиясына жаңа шекті тарифтерді бекітуді ұсынады. Тиісті бұйрықтың жобасы «Ашық заңды тұлғалар» порталында жарияланған. Түзету энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз электр энергиясын өндіруге арналған базалық шығындардың, атап айтқанда, отынға (оның ішінде газға және оны тасымалдауға, бағаның 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өсуіне), жалақыға және жөндеу жұмыстарына арналған шығындардың ұлғаюымен байланысты.