Қазақстан жаңалықтары17 қараша 2023, 16:29

Әйелдің басына карниз сынығы құлап кеткен

Сәтбаев қаласында дүкенге бара жатқан әйелдің басына тұрғын үй карнизінің сынығы құлаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Әйел ауруханаға жеткізілді. Тұрғындар аталмыш бес қабатты үй апатты жағдайда екенін, оған жөндеу қажеттігін айтты.

“Жарақат алдым, басымда 10 және 4 см жара бар. Екі күн төсек тартып жатырмын. Еңбекке жарамсыздық парағын ашамын, өйткені бұл жарақатпен ұзақ уақыт емделуім керек», - дейді зардап шеккен әйел.

Оқиға болған жер қоршалып, тұрғын үй инспекциясы бөлімі оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Сәтбаевта 19 үй апатты, 6 үй апат алды жағдайда, 251 ғимарат ескірген.

“Жиын өткізілді. «Сүйікті қала» мекемесі барлығынан хабардар. Оларға заң бойынша не істеу керек, халықпен қалай жұмыс істеу керек, мұндай жағдайда не істеу керек екенін түсіндірілді. Тұрғындар техникалық қызмет көрсету ақысын төлеп жүр», - деп атап өтті тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы.

Сәтбаев қаласы Оқыс оқиға карниз сынығы Әйел

Тақырыпқа жаңалықтар