Қазақстан жаңалықтары12 мамыр 2024, 19:51

Алматы облысында көлік аялдаманы соғып, екі адам қаза тапты

Алматы облысының Іле ауданында жүк көлігінің жүргізушісі автобус аялдамасына кіріп кетіп, екі адамды қағып өлтірді. Бұл жайында Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Бауырдан Әленов жеткізді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның айтуынша, 12 мамырға қараған түні Байсерке ауылын патрульдеу кезінде «Беркут-35» экипаж қызметкерлері ЗИЛ-131 автокөлігінің жүргізушісін мас болуы мүмкін екеніне күмәнданған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жүргізуші патрульдік полиция қызметкерлерінің тоқта деген талабын елемей, қуғын-сүргіннен қашып құтылуға тырысады.

Салдарынан жүк көлікті басқарған 49 жастағы ер адам қатты жылдамдықпен автобус аялдамасына жылдамдықпен кіріп кетті.

«Аялдамада тұрған екі адам оқиға орнында көз жұмды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды. Медициналық сараптаманың нәтижесіне сәйкес құқық бұзушы көлікті орта дәрежеде мас күйінде басқарған. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, автокөлік арнайы тұрақта» дейді полиция департаментінің бастығы.

Екі адамның өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Іле ауданы аялдама жүк көлігі Адам өлімі

Тақырыпқа жаңалықтар