«Пара алған»: Түркістан облысында криминалдық полиция қызметкері ұсталды
Түркістан облысы, Созақ ауданында криминалдық полиция қызметкері ұсталды. Ол жергілікті тұрғыннан ақша бопсалаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Дереккөздің мәліметінше, полицей жергілікті тұрғыннан тіркелмеген аңшылық қаруды ұстағанына қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 200 мың теңге талап еткен. Полиция қызметкері ақшаны алып жасырынуға тырысты. Бірақ ҰҚК қызметкерлері оны қолға түсірді. Тінту кезінде, одан 190 мың теңге табылған.
Ұсталған азаматқа қатысты «Пара алу» бабымен тергеу басталды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: