Петропавлда мектеп оқушысы қағып кеткен соғыс ардагері көз жұмды
Петропавлда Ұлы Отан соғысының ардагері жазатайым оқиғадан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 20 сәуір күні орын алды. Ұлы Отан соғысының 99 жастағы ардагері Василий Макиенко көгершіндерді тамақтандыруға шыққан. Жолда оны 9 жасар қыз соғып құлатады. Қарияның жамбас сүйегі сынып ауруханаға жатады.
Ол травматология бөлімінде, содан кейін реанимацияда жатты.
Қыз анасымен бірге ауруханаға келіп, гүл әкеліп, кешірім сұрады. Василий Макиенко оны кешірді.
Іс денсаулыққа абайсызда зиян келтіру туралы бап бойынша тергелді. Бірақ көп ұзамай іс тоқтады. Себебі мектеп оқушысы қылмыстық жауапкершілік жасына әлі толмаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: