Президент кәсіпкерлердің басын қосты

Мемлекет басшысы шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын жедел қабылдауды тапсырды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Айтуынша, ауыл-аймақтардан ақылға қонымды өтініштер мен ұсыныстар жиі түседі.

«Мәселен, қой мен ірі қара терісін өңдейтін кәсіпорын ашу туралы бастаманы айтуға болады. Неге екенін қайдам, қанша жыл өтсе де осы шаруаны Үкімет те, бизнес те қолға алмаған. Әйтсе де шағын және бизнес бұл кәсіппен айналысуға ниетті», - дейді Тоқаев.

Сондай-ақ бизнесті негізсіз тексерулер мен заңсыз қылмыстық қудалаудың алдын алу бойынша жұмыс жүріп жатқанын да айтты.

«Бүгін еліміздің бизнес қауымдастығы үшін өте маңызды күн деуге болады. Осы жердегі әр кәсіпкердің жетістігі – ел мерейінің айқын көрінісі. Сіздер сапалы өнім өндіріп, экономиканы дамытуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға зор үлес қосып келесіздер. Әлеуметтік жауапкершілікті терең сезініп, қайырымдылық істерге белсене атсалысып жүрсіздер. Бұл – өз кәсібіне адал, іскер және нағыз отаншыл азаматтарға тән асыл қасиет деп санаймын», - деді мемлекет басшысы

Тоқаев мемлекет кәсіпкерлерге әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Биылдан бастап 29 қазан «Қазақстан кәсіпкерлері күні» болып ресми түрде бекітілді.

«Сонымен қатар мен жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып, қайырымдылық істерге мол үлес қосқаны үшін еліміздің үздік кәсіпкерлеріне берілетін арнайы марапат – «Мейірім» орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Келесі жылдан бастап залда отырған бірқатар кәсіпкер осы мәртебелі орденмен марапатталады. Бұл еліміздегі барша бизнес өкілдеріне деген айрықша құрметтің белгісі болмақ», - деді Тоқаев.

Тоқаев Ақорда кәсіпкер бизнес

Тақырыпқа жаңалықтар