«Қайрат» ресми мәлімдеме жасады
«Қайрат» ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі әлеуметтік желідегі парақшасында ресми мәлімдеме жасап, ғаламторда таралып жатқан «Қайрат» — «Реал Мадрид» УЕФА Чемпиондар лигасы матчының билетін сату немесе алдын ала брондау жайлы ақпараттың шындыққа жанаспайтын, жаңсақ хабарлама екенін ескертті.
«Билетке қатысты жалғыз ресми дереккөздер — клубтың ресми сайты мен «Қайрат» ФК-ның әлеуметтік желідегі ресми парақшалары.
Қазіргі уақытта билеттің сатылымға шығу күні мен бағасы бекітілген жоқ. Жанкүйерлерден бөгде хабарландыруларға сенбеулерін және билетті бейресми арналар арқылы сатып алмауларын қатаң түрде сұраймыз», - делінген мәлімдемеде.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: