Қазақстанда алкогольге қатаң шектеулер енгізу ұсынылды

Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, алкоголь елдегі қылмыстың негізгі себептерінің бірі екенін, ал мемлекет жыл сайын «ең құнды ресурсынан» – адамдардан айырылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Шенеунік осыған байланысты алкоголь өнімдерін сату мен бақылау ережелерін қатаңдатуды ұсынды.

«Елдегі әрбір екінші кісі өлтіру, әрбір үшінші зорлау мен бұзақылық мас күйде жасалады. Елдегі тонау, жол-көлік оқиғасы және тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы құқықбұзушылықтардың жартысынан көбі алкогольді масаң күйде жасалады», – деді депутат мәжіліс отырысында.

Мәжілісмен бұрын қолданыста болған, балалар мекемелері мен білім беру ұйымдарынан 100 метр радиуста алкоголь сатуға тыйым салатын норманы қайта енгізу қажет екенін айтты. Сондай-ақ, оның пікірінше, алкоголь өнімдерін сататын сауда нүктелерінің санын шектеу керек.

Бұдан бөлек, ол дүкендерде сағат 20:00-ден кейін, ал кафе мен мейрамханаларда 22:00-ден кейін ішімдік сатуға тыйым салуды ұсынды.

депутат Ішімдік Мәжіліс тыйым

Тақырыпқа жаңалықтар