WhatsApp-тағы хат алмасу енді заңды келісімшартқа теңестіріледі

WhatsApp-тағы хат алмасу енді заңды келісімшартқа теңестіріледі, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновтың айтуынша, тауар немесе қызметке қатысты WhatsApp арқылы жазылған кез келген хабарлама, бейне не дауыс жіберілім енді келісімшарттың бір бөлігі ретінде қаралады.

Депутаттың түсіндіруінше, егер екі тарап мессенджерде сөйлесіп, уәде алмасып, төлем жасалса, бұл толыққанды келісімшарт болып есептеледі.

«Біз енді мынаны жазып жатырмыз: біздің кез келген әңгімеміз, кез келген бейнежазбамыз, WhatsApp-тағы кез келген хат алмасуымыз, кез келген жарнама – осының бәрі келісімшарттың құрамдас бөлігі болады. Егер біз хат алмасқан болсақ, мен Kaspi арқылы ақша жіберсем, ал сен маған – кепілдік үш жыл деп уәде берсең – осының бәрі келісімшарт. Ол орындалмаса, кәсіпкер келісімшарт болған жоқ деп айта алмайды, өйткені бізде хат алмасуда бар», - деді депутат.

хабарлама келісімшарт Хат депутат

Тақырыпқа жаңалықтар