жұма, 24 сәуір, 2026

Спорт

(Бет. 17)
Спорт
arbat media
Паралимпиадаға Ресейден 90, Беларусьтен 8 спортшы жіберілді. Барлық спортшылар бейтарап мәртебеде өнер көрсетеді, деп хабарлады Халықаралық Паралимпиада комитеті. Ресей мен Беларусь спортшылары Ойындардың ашылу салтанатына тағы да жіберілмейді, ал егер олар жеңіске жетсе, ел әнұраны ойналмайды. Сондай-ақ мемлекеттік туларды және басқа да ұлттық атрибуттарды пайдалануға тыйым салынады. 
Спорт
arbat media
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) 2025 жылы кәсіпқой рингке қайта оралуы мүмкін. Вoxingnews.com сайтының хабарлауынша, Сауд Арабиялық бай, бокс спортының инвесторы Турки Аль аш-Шейх Геннадий Головкинге рингке оралуға ұсыныс жасаған. Головкинге рингке оралғаны үшін жақсы ақша уәде етілген. Оған 2025 жылдың алғашқы жартысында төрт салмақта әлем чемпионы Теренс Кроуфордпен (41-0-0,31КО) жұдырықтасуы керек.
Спорт
arbat media
1996 жылы Атлантада өткен XXVI жазғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Ермахан Ибраимов бокстан Қазақстан құрамасының Париждегі өнер көрсетуіне қатысты пікір білдірді. Ермахан Ибраимов XXXIII жазғы Олимпиада ойындарындағы Өзбекстан бокс құрамасы жеткен толайым табыс Қазақстан тарихында да болғанын атап өтті. Ол мұндай жетістіктер мен тоқырау спортшылар сабақтастығында қалыптасатын құбылыс екенін қаперге салды.
Спорт
arbat media
Өзбекстан Париж Олимпиадасында 8 алтын, 2 күміс, 3 қола медальмен 13 орынға табан тіреді. Бұл көрсеткішпен көрші ел Орталық Азияда көш бастады. 11 тамыз күні Өзбекстан атлеттері еліне оралды. Жүлдегерлерді O‘zbekiston Vazirlar Mahkamasi (Өзбекстан министрлер кабинеті), федерациялар мен жанкүйерлер Ислом Каримов атындағы халықаралық әуежайда сән-салтанатпен күтіп алды. Көрші ел чемпиондары арнайы автобуспен Ташкент қаласын аралап, Өзбекстанның ұлттық олимпиадалық комитеті ғимараты алдында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. 
Спорт
arbat media
Парижде екі дүркін Олимпиада чемпионы атанған Өзбекстан боксшысы Баходир Жалолов әуесқой бокстан кететінін мәлім етті. «Мен өмірімнің 15 жылын әуесқой боксқа арнадым. Әр нәрсенің басталуы сияқты соңы да бар. Бұл күн де келді. Бұл ұзақ жолда көп сын мен сөз айтылды. Бәрінен дұрыс қорытынды жасап, күш жинадым. Ешқашан әуесқой бокста ақша үшін күреспедім. Олимпиадада өз елімнің туын жоғары көтеріп, алтын медалін жеңіп алуға тырыстым. Біздің қолымыздан келді. Осы жолда мені қолдағандарға, менің анама және менің барлық жаттықтырушыларыма алғыс айтқым келеді. Енді менің мақсатым - кәсіби бокста ең мықты болу. Менің ойымша, бұл жолды да сіздермен бірге өтеміз. Мен сіздерді қатты жақсы көремін», деп жазды Баходир Жалолов іnstagram-дағы парақшасында. 
Спорт
arbat media
Парижде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына 7 медаль түсті. Әр жүлде үшін спортшыларға берілген сыйақы мөлшері жарияланды. Заң бойынша алтын медаль алған ел спортшыларына 250 мың доллар, күміс үшін 150 мың, қола жүлде иегерлеріне 75 мың доллар сыйақы төленеді. Сонымен қатар 4, 5 және 6-орындар үшін де 30, 10 және 5 мың доллар беріледі.