2025 жылдан бастап Қазақстанға Boeing қатынай бастайды
Фото: boeing.com
boeing.com
Қазақстан жаңалықтары28 шілде 2024, 17:06

2025 жылдан бастап Қазақстанға Boeing қатынай бастайды

Әуе қатынасы туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев бастаған қазақстандық делегацияның Boeing компаниясының өкілдерімен кездесуі барысында белгілі болды. Делегациямыз Boeing ұшақтарын құрастыру барысымен танысты. Сол сәтте отандық әуе компаниялары үшін ұшақтарды жеткізу мәселесі де талқыланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Қазақстаннан АҚШ-қа алғашқы тікелей әуе рейсі Dreamliner 2025 жылдың соңына дейін жеткізілетіні расталды. Аталған іс-шара Қазақстанның әуе паркін нығайтуға және елдегі әуе тасымалының деңгейін арттыруға арналған», - делінген хабарламада.

Boeing өкілдері қазақстандық делегацияны компанияда жүзеге асырылатын цифрлық трансформация барысымен таныстырды.

Еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, Boeing – аэроғарыштық технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшы компания. Ол тек азаматтық қана емес, әскери және ғарыштық ұшақтарды да шығарады. Boeing компаниясының өндірістік қуаты бүкіл әлемде орналасқан және компания өзінің инновациялық шешімдерімен және жоғары сапа стандарттарымен танымал.

Былтыр Boeing 80 миллиард долларға жуық табыс тапқан. Ең қызығы, әлемде орташа есеппен әр 2 минут сайын Boeing ұшағы ұшады.

2025 жыл Boeing Қазақстан

Тақырыпқа жаңалықтар